Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

«Өте ерке едім»: Наркенже Серікбаева бірінші күйеуінен неге ажырасқанын айтты

Танымал әнші Наркенже Серікбаева "Менің өмірім" бағдарламасында отбасылық жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Paryz.kz Oinet.kz-ке сілтеме жасап.

«Өте ерке едім»: Наркенже Серікбаева бірінші күйеуінен неге ажырасқанын айтты
Фото: видеодан скриншот

Әнші бағдарлама барысында ерте тұрмыс құрғанын жеткізді.

"Тағдыр ғой, ол кезде 17 жастағы ақыл тоқтатпаған қызбыз ғой. Ол кезде екі жақ бірдей демеп отырса, қазір жастар да ажыраспас. Мен ерке болдым. Өте ерке едім. Он бір баланың кенжесі, әкемнің қызы болғаннан кейін, анам бір-ақ рет ұрған, онда да ұршығын үзіп тастаған кезінде. Еркелік қой таза. Ол кезде "ойбай, ол саған қатын болмайды, керек емес" дегеннен гөрі екеумізді қосып жіберсе, тағдыр басқа болар еді. Жақсы қасиетім бар, артқа үңілмеймін. Бәрі алдымда", - дейді әнші.

Сонымен қатар, ол қызы мен бұрынғы күйеуінің арақатынасы туралы айтты.

"Бұрын араласатын (қызы мен әкесі - еск.). Қыздың жүрегін ауыртамын деп сұрамаймын. Бірақ рұқсат бергенмін. Өйткені әкесі екені рас. Араласып көрді, бірақ қазір араласпайды. Не үшін араласпайсың деп сұрамаймын. Қыз өзі шешті. Ол кісінің отбасы бар, отбасы да қызы барын біледі", - дейді ол.

Өнер иесі қазіргі жұбайы қандай екенін де әңгімеледі.

"Мінез барлық адамда болады. Мінезді қолданатын жерде қолдану керек. Мінезді қалай болса солай қолдансаң, өміріңе де, жолыңа да қиын. Мінезден көп таяқ жеген қызбын. Қазіргі жолдасым Аллаға шүкір. Алладан сұрадым. "Алла, жақсы ер азамат сыйлашы, аманатыңа қиянат жасап жүрген шығармын, бір ер азамат сыйлашы, алақаныма салып көрейін" дедім. Мүлдем ұрыспаймыз деп айта алмаймын. Кейде болады", - деді әнші.