Жақында шаңырақ көтерген әнші Kalifarniya Алматыда өткен концертте өнер көрсетті. Сахнада күйеуін бимен сүйемелдеуге шыққан Анель концертке жиналған жұртқа сәлем салды, деп хабарлайды Paryz.kz Skifnews.kz-ке сілтеме жасап.
Көпшілікке сәлем салған видеосын Анель өзінің TikTok-тағы парақшасында жариялады. Бейнежазбадан Kalifarniya-ның "халқыма сәлем сал" дегенін естуге болады. Ал, Анель күйеуінің сөзін жерге тастамай бірден иіліп сәлем берді.
Видеоны тамашалаған желі қолданушылары ерлі-зайыптыға бақыт тілеп, ризашылықтарын білдіріп жарыса пікір қалдырды.