Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

«38 апта»: аяғы ауыр Жанар Дұғалова сахнаны «жарды»

Осы көктемде тұрмысқа шыққан танымал әнші Жанар Дұғалова өзінің тұңғышын күтіп жүр, деп хабарлайды Paryz.kz. 

«38 апта»: аяғы ауыр Жанар Дұғалова сахнаны «жарды»
фото: әлеуметтік желіден

Жанар Дұғалованың Алматыда өткен концертте "Ізін көрем" әнін айтқан видеосы TikTok желісінде кеңінен тарады. Бейнежазбадан әншінің аяғы ауыр екенін байқауға болады. Видеоны көрген желі қолданушылары әншінің аяғы ауыр болса да, жанын салып өнер көрсетіп жатқанына таңданыстарын жасыра алмаған.

"Әнді айтсаң, жаныңды жеп айт" деген осы кісіге арналған сияқты. Энергиясын, харизмасын экранның ар жағынан отырып сезінесің ғой", "Энергиясын жоғалтпапты, 38 апта болған біз әрең жүрміз", "Мықты қыз, жасандылығы жоқ. Аман-есен босанып ал, Жанар", - деп жазуда көпшілік.