Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

«Оған неге жала жауып отырсыңдар?»: фитнес-клубтағы жанжалдан соң Әсел Асқар Шадукаевтан кешірім сұрауға шақырды

Фитнес-клубта ер адам өзін ұрып жібергенін хабарлаған актриса әрі блогер Әсел Асқар тағы мәлімдеме жасады. Айтуынша, желіде блогерге қол көтерген белгілі балуан Мансұр Шадукаев деген ақпарат тараған. Әсел Асқар аталған ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Paryz.kz KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап. 

«Оған неге жала жауып отырсыңдар?»: фитнес-клубтағы жанжалдан соң Әсел Асқар Шадукаевтан кешірім сұрауға шақырды
фото: әлеуметтік желіден

Әсел Асқар желідегі парақшасында Алматыдағы фитнес-залдардың бірінде оған ер адам қол көтергенін мәлім етті. Артынша бұл ақпаратты полиция растаған болатын.

Бұл ретте ол өзін бетінен ұрған ер адамның кім екенін ашып айтқан жоқ және оқиғаның видеосын да жарияламаған. Соған қарамастан желіде оны ұрған грек-рим күресінің балуаны - Мансұр Шадукаев деген ақпарат тарап үлгерген. Бірақ Әсел Асқар қазақстандықтардан жалған ақпарат таратпауды сұрады.

Өкінішке қарай, жалған ақпарат тарап жатыр. Мансұр Шадукаевты айыптап жатыр екен. Ол кінәлі емес, оның бұл іске еш қатысы жоқ. Кім жалған ақпарат таратып жатқанын білмеймін, бірақ бұл шындыққа жанаспайды. Пабликтер, Мансұрдан кешірім сұраңдар. Оған неге жала жауып отырсыңдар? Ол емес. Кінәлінің бетіне басып әлі үлгересіңдер, алайда жазықсыз адамға тиісіп, айыптаудың қажеті жоқ. Маған Мансұрдың ағасы Ислам қоңырау шалып, мән-жайды түсіндіруді сұрады, - деп жазды ол Instagram Stories-та.