Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

«Праваны айтсайшы пыраваны!»: Бостандыққа шыққан Төреғали Төреәлі желіде жазба жариялады

Төреғали Төреәлі әлеуметтік желіде даулы оқиғадан кейін алғаш жазба жариялады, - деп хабарлайды Paryz.kz Massaget сайтына сілтеме жасап. 

«Праваны айтсайшы пыраваны!»: Бостандыққа шыққан Төреғали Төреәлі желіде жазба жариялады
фото: әлеуметтік желіден

"Ер жігіттің жарамас жылағаны,
Ештеңе етпес сүрініп, құлағаны.
"Орнында бар оңалар", бәрін қойшы
Праваны айтсайшы пыраваны!" - деп жазды ол.

Желі қолданушылары әншінің жазбасына түрлі пікір жазған.

"Праваны қойшы, ата ананың ауырған жүрегі мен абыройды айт. Балалар ес білгенде", "Ондай анда-санда боп тұрад, Төрешті бәрібір кешіргің кеп тұрад", "Ержігіттің басына не келіп, не кетпейді. Ең бастысы аман бол. Кәусардай алтының бар. Тоғжандай асылың бар. Толқындай жақұтың бар. Тілеулес қазағың бар", "Ақ төреш бауырым амансыңба? Хэйтірлерге онсызда жамансыңда. Қандай жағдай болмасын уайымдама. Әрқашан қолдар қазақ бар қасыңда", - дейді олар.