Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

«Несие алмаңыз»: Жазира Байырбекова қыз ұзатуға қатысты кемшіліктерді атап өтті

Отандық әнші Жазира Байырбекова қыз ұзату тойына байланысты ұсыныс айтты. Өнер иесі бұл жайлы Instagram парақшасында жазды, деп жазады Paryz.kz KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

«Несие алмаңыз»: Жазира Байырбекова қыз ұзатуға қатысты кемшіліктерді атап өтті
Фото: әлеуметтік желіден

"Қыз ұзатуда оның иығына қызыл орамал тақпай-ақ қойыңыздаршы. Ұзатылар алдындағы батаны қызға сәукелені кигізіп болған соң беріңіздер. Қыз құрбыларына тарататын үкіні ұзатудың аяғына қалдырмай, тойдың ортасынанан сәл асқанда таратсыншы. Ақ жолдың үстімен кетіп бара жатқан қызды тек туған ата-анасы мен туған бауырлары ғана құшақтап сүйсінші. Ұзатылар алдында құдаларды сыртқа шығарып жіберетіндер бар. Шығармаңыздар. Олар да ұзату рәсімін көріп, қыз бен жігітпен бірге шықсын.

"Бақытты боламын деп барма, сол әулетті бақытты етемін деп бар" деп ауыр жүк артып, тілек айтпаңыздаршы. Бастысы, қыз бақытты болсын. Ұзату тойын жағдайыңыз жетсе - жасаңыз. Жағдайыңыз жетпесе, қиналып несие алмаңыз. Ұялатын заман емес. Тойсыз-ақ бақытты отбасылар көп.

Ұзату тойын күндіз жасасаңыз, жақсы болар еді. Баяғыда қызды күн ұясына батпай тұрып ұзатқан. Оның да бір сыры бар шығар. Жігіт қызды көпшіліктің көзінше көтермей-ақ, бірге қол ұстасып кеткендері мәдениетті, әдемі көрінеді. Қыздар, ұзату көйлегін тойда киетін аяқ киіммен бірге киіп, жүріп көріңіздер. Ұзын болса қысқартып, дайындаңыздар", - деп жазды Жазира Байырбекова.