Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

«Мейрамбек мен бола алмайды» - Саят Медеуов

Отандық әнші Саят Медеуов әншілерді Димаш Құдайбергенмен салыстырудың дұрыс еместігін айтты. Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында өнер иесі қазақты әлемге танытқан Димашпен мақтану керектігін мәлім етті, деп жазады Paryz.kz KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

«Мейрамбек мен бола алмайды» - Саят Медеуов
Фото: әлеуметтік желіден

Бағдарлама жүргізушісі әншіден "Байқайсыз ба, соңғы кезде әншілердің деңгейін Димаш Құдайбергеннің деңгейімен салыстырып қана бағалау тенденциясы пайда болды. Тіпті, бұрыннан келе жатқан әншілердің өзін "Бәрібір Димаштай емес" дей салатын жағдайды көреміз. Димаш рас, қазақтың мақтанышы. Десе де, дәл осы бағалау жүйесіне сіздің көзқарасыңыз қандай?", - деп сұрады.

Ал өнер иесі бұл бағалаумен келіспейтінін жеткізді.

Мен келіспеймін. Бәйгенің аты мен көкпардың атын салыстырмайсыз ғой. Сол секілді екі әншіні салыстырудың керегі жоқ. Мені қанша жерден мықты десе де, мен - Мейрамбек бола алмаймын. Мейрамбекті қанша мықты десе де, ол - мен бола алмайды. Біреуді біреумен салыстыру мүмкін емес. Рингке шығып төбелесетін бокс емес. Өнер деген халыққа керек дүние.

Егер олай қарайтын болсақ, қазақ өнері өспейді. Бір Димашпен тоқтауы керек болады. Димаштың айтқан өлеңін мен айта алмауым мүмкін. Ал менің өлеңім оның орындауына келмей қалуы мүмкін. Сондықтан бірнәрсе деуге болмайды. Димаштың өнері, диапазоны жоғары. Ол әлемдік деңгейде қазақты танытқан әнші. Салыстырудың керегі жоқ. Ертең сол Димашпен салыстырып, төмен қойған әншілер оған қарсы шығып, оны жек көруі мүмкін. Сондықтан менің айтқым келетіні, салыстырмау керек.

Димаш биік деңгейде өсе берсін. Мақтауымыз, мақтануымыз керек. Бірақ салыстырмауымыз керек, - деді Саят Медеуов.