Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Ең қиыны, жанында бола алмау: Роза Әлқожа ұлына ота жасалатынын айтты

Отандық әнші Роза Әлқожа ұлы Бейбарыстың аяғына ота жасалатынын айтты. Өнер иесі Instagram парақшасында осы сәтте ұлының жанында бола алмайтынына өкініш білдірді, деп жазады Paryz.kz KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

Ең қиыны, жанында бола алмау: Роза Әлқожа ұлына ота жасалатынын айтты
Фото: әлеуметтік желіден

"Астанаға келгенімізге бір апта болды. Бар себеп баламен байланысты ғой. Бір қызығы, аяғындағы темірін алып тастаған соң, қайта сындырып салуды ойлап келіппін. Отадан соң қисық біткен сүйекті сындыру мүмкін емес екен. Дәрігер тасып шыққан сүйекті кесіп, кішігірім ота жасайтын болды. Қисық біткен башпайларға енді ештеңе істей алмайтынымызды айтып, күнін бүгінге белгілеген.

Ұлды алып келіп, тексертіп жүргеніммен, бүгін жұмысым бойынша басқа қалаға кеттім. Ең қиыны, қажет кезінде балаңның жанында бола алмау. Бейбарыс, Алла жеңілдігін берсін. Екі отадан кейін "енді ауруханаға бармаймын" деп едің. Соңғысы болсын. Сүйкімді аяқпен қайынжұртыңа күйеу боп баруға жазсын. Құдайдан басқа қамқорымыз жоқ, халықтан асқан жанашыр жоқ. Бәрі сәтті өтсін", - деп жазды Роза Әлқожа.