Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

«Бақыттан басым айналып жүр»: Алтынай Жорабаева күйеуінің ерекше қамқорлығын айтты

Әнші Алтынай Жорабаева соңғы уақытта әлеуметтік желіден көрінбей кетуінің себебін айтты. Балаларын шетелге демалысқа жіберген өнер иесі үйде күйеуінің өзіне қалай қамқорлық танытатынын баяндап берді, деп жазады Paryz.kz KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

«Бақыттан басым айналып жүр»: Алтынай Жорабаева күйеуінің ерекше қамқорлығын айтты
Фото: әлеуметтік желіден

Соңғы уақытта әлеуметтік желіден алыстап кеттім. Негізі бақыттан басым айналып жүр. Үйдегі, жұмыстағы көмекшілерімді демалысқа жіберіп едім. Тойға да көмекшісіз шығатындықтан, сурет немесе видео салуға ерінемін. Ал бала-шағаны бір айға Аланияға жібердік. Үйде отағасы екеуіміз ғана. Құдай-ау, жолдасым "ештеңе істеме" дейді ғой. "Ұйқыңды қандыр", "Өзіңе ұнайтын нәрсені жаса", "Фильм қара" дейді. Тіпті таңертең жұмысқа дыбысын шығармай, жай киініп, бетімді сүйіп шығып кетеді. Аллаға сансыз шүкір, - деп жазды Алтынай Жорабаева.

Желі қолданушылары әншінің жазбасына түрлі пікір білдіріп, тіпті Жорабаеваның аяғы ауыр деп болжағандарын да жасырмады.

"Жұбайыңыз жайлы жиі жазасыз. Демек, сіз осы бақытқа лайықсыз", "Алтынай ханым, жақсы жаңалығыңызды қашан бөлісесіз? Қауіпті кезеңнен өтті ғой. Онлайн құрсақ той жасап, мәре-сәре болмадық па?", "Көз тимесін", "Алла бақытыңызды еселей берсін", - деп пікір білдірді желідегілер.