Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Ақбота Сейтмағамбет бұрынғы күйеуі Дәурен Айдарқұлов туралы бар шындықты айтты

Белгілі әнші, актриса Ақбота Сейтмағамбет “Хабар” арнасына берген сұхбатында бұрынғы күйеуі Дәурен Айдарқұлов және әкесі мен балаларының қарым-қатынасы туралы баяндады. Бұл туралы Paryz.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ақбота Сейтмағамбет бұрынғы күйеуі Дәурен Айдарқұлов туралы бар шындықты айтты
Фото: instagram.com/akbotanurabaykyzy/daurenaidarkulov

Өнер иесі бұрынғы күйеуімен не үшін ажырасқанын және осы күнге дейін байланысын үзбегенін жасырмай айтты.

Иә, араласамыз. Өйткені, баламыз да, жұмысымыз да ортақ. Жасырмаймын, әлі күнге дейін бірге жұмыс жасаймыз. Баласын кез келген уақытта көреді. Ол әулетке келін болып түстім, басыма орамал салды. Еншімізді алып, бөлек шықтық. Сөйтіп жүргенде бір-бірімізді түсіне алмай кеттік. Біраз уақыт бірге тұрайық деген шешім де қабыдадық. Өзара сөйлесіп, келісімге келіп, екіге кеттік. Балаларымен араласады, кез келген уақытта көмектеседі. Ол кісіні жамандай алмаймын, себебі - балажан. 
Хабарласса, баласын көріп кетеді. Жұмысқа шықсам, той да, түсірілімде жүрсем де балам өзіммен бірге жүреді. Сериалға түстім, балам бір жарым ай бойы жанымда жүрді. Әкесі алып кетеді, алып келеді. Кейде жеңгеме де тастап кетемін, құрбым да жақында Алматыға көшіп келді. Көмектесетін адамдар бар. Оның үстіне апам жақында зейнетке шықты. Ол кісі де қарасып, көмектеседі, – дейді Ақбота Сейтмағамбет.

Әнші бұрынғы ата-екесімен де жақсы қарым-қатынаста.  Сондай-ақ, актриса “Ақбота –  Дәурен Айдарқұловтың үшінші әйелі” деген қауесетке қатысты жауап берді.

Ол жағын айтпай-ақ қояйын. Өйткен, ер адамның намысына тигім келмейді. Бірақ ата-енем мені жақсы қабылдады. Үлкен кісілер өз қызындай қарады. Ақылдарын айтты. Біз ажырасамыз дегенде олкісілер таңғалды. "Біраз уақыт бөлек тұрып көрңідер. Не дегенмен елді біраз шулаттыңдар, өздеріңнің махаббатарың да бар" деп ақылын айтты. Ол кісілерге мін таға алмаймын. Менің балаларымды өздерінің үш немересімен теңдей көрді. Ата-енеммен әлі күнге дейін араласып тұрамыз. Ол кісілерге алғысым шексіз. Арамыз үзілген жоқ, – деді өнер иесі.