Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Махаббат жас түгілі жынысқа қарап жатқан жоқ - Ерке Есмахан

Отандық әнші Ерке Есмахан желіде оқырман сауалына жауап берді. Әнші Instagram желісінде махаббаттың жас түгілі жынысқа қарамай жатқанын айтты, деп жазады Paryz.kz KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

Махаббат жас түгілі жынысқа қарап жатқан жоқ - Ерке Есмахан

Желі қолданушысы әншіден "Махаббат жасқа қарай ма?", - деп сұраған.

Ал әншінің айтуынша, қазір ер мен әйел қосылса, шүкір деу керек.

"Махаббат жас түгілі, жынысқа да қарап жатқан жоқ. Табиғаттың заңымен ер мен әйел қосылса, "шүкір" деңіздер. Алда не күтіп тұрғаны бір Аллаға мәлім", - деп жауап қайтарды әнші.

Айта кетейік, осыған дейін Ерке Есмахан өзіне айтылған сынды қалай қабылдайтынын мәлім еткен еді. Естеріңізге сала кетейік, Ерке Есмахан мен Райымбек Бақтыгереев (Раим - ред.) биылғы жылдың қаңтарында мұсылманша неке қидырды.