Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Жұлдыз Әбдукәрімова бүлдіршіндердің жантүршігерлік өліміне қатысты пікір білдірді

Актриса Жұлдыз Әбдукәрімова Түркістан облысында зорлап өлтірген, Алматыда ауыр соққылардан көз жұмған кішкентай қыздардың өлімін естіп жағасын ұстады. Өнер иесі жантүршігерлік жағдайдың мән-жайын біліп, кінәлілерден жауап алмақ ниетте. Бұл туралы Paryz.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жұлдыз Әбдукәрімова бүлдіршіндердің жантүршігерлік өліміне қатысты пікір білдірді
фото: әлеуметтік желіден

Сұмдық… Таңсәріден әлемжеліні аша қалсам, Сарыағаштағы 5 жасар қыздың зұлымның қолынан қаза тапқанын оқыдым. Жүрек қан жылап жатыр. 5 жастағы қызды зорлап өлтірген. Бұл не сұмдық? Заман ақыр келген бе?
Адам деп айтуға аузым бармайды. Ол бұған дейін “кісі өлтіргені” үшін 10 жыл абақтыда болған екен.
Осындай психологиялық ауытқуы бар адамды қанша жыл түрмеде отырса да қайта қоғамға қосуға қарсымын!
Президент істің қалай болғанын анықтауға тапсырма берді.  Қаскөй ұсталдын.  Бірақ бүлдіршін зорланып өлді. Оның отбасына қалай көңіл айтпақпыз? Қалай жұбатпақпыз, - дейді актриса.

Жаға ұстатар жаңалықты естіген ол балалар мен олардың құқығын қорғауға білек сыбана кіріспек.

Ойбайлап, мән-жайды білмек болып, ақпарат іздеп жатқанымда түске қарай Алматыда 7 жасар қызды “дәретін ұстай алмағаны үшін” өгей шешесі ұрып өлтірген. Таңда бір, түсте бір баланы өлтіріп тастайтын қандай елге айналдық?
Елдегі балалар құқығы туралы қаудаланған сұрақтар көкейімді тесіп жүргелі біраз болған. Жауаптыларды сөйлететін уақыт келді, – деп жазды Жұлдыз Әбдукәрімова.

Актриса осыған қатысты оқырманға сұрау салды.

Бүгінгі екі бүлдіршінге жасалған қатігездікке удай ашынып отырмын. Жазбасам “үн қатпады” деп сөгесіздер. Айтсам, “сөзден іске көш” дейсіздер. Хош, әрекетке көшейін. Елдегі қай жауапты ұйымнан сұрақ сұрап, жауап алайын? Адам құқықтары жөніндегі өкіл? Балалар омбудсмені? Құзырлы мекемелер?, – деп сұрау салды ол. 

Айта кетейік, бұған дейін Түркістан облысында бұрын сотты болған ер адам жастағы 5 қызды зорлап өлтіргені туралы және өгей шешесі 7 жастағы қызды аяусыз ұрып өлтіргені жайлы жазған болатынбыз.