Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

«Қайыспайтын әйел жоқ шығар»: Роза Рымбаева жарының қазасынан соң қалай күш жинап, сахнаға шыққанын айтты

Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаева 23 жыл отасқан жары Тасқын Оқапов көз жұмған соң, сахнаға қалай оралғанын айтты. Бұл туралы "Еркін сұхбат" бағдарламасына сілтеме жасаған Paryz.kz.

«Қайыспайтын әйел жоқ шығар»: Роза Рымбаева жарының қазасынан соң қалай күш жинап, сахнаға шыққанын айтты
Фото: Фото: "Жібек жолы" арнасы

Қайыспайтын әйел жоқ шығар. Жарынан айырылғанда, шиеттей екі баламен қалғанда, қайыспайтын адам жоқ шығар. Ол менің өмірдегі, өнердегі қолбасшым ғой. Қолбасшыдан айырылған соң таңдау керек болды. Балалармен үйде отырып, қарапайым әйелдің өмірін кешу ме? Әлде, барлығын бірге алып жүру ме? Алып жүру болды.

Себебі менің негізгі мамандығым осы. Екі ұлыма тірек болғым келді. Екеуі де музыка мектебіне барды. Соларға үлгі болғым келді. Тағдырымның кейбір күрсінетін кездерін халыққа әнмен жеткіздім ғой. Ең бірінші маған халық үлкен қолдау көрсетті. Халықтың көмегімен тезірек сахнаға шығып, тезірек гастрольге шығып, солармен сахнада ән арқылы сырласып, қуанышымды-қайғымды бөлістім.

Былай айтқанда, мені сахна алып қалды деп айтуға болады. Кез-келген шығармашылық адамы өз шығармашылығы арқасында күйзелістен де, кейбір қиыншылықтан да шығатын сияқты. Өзім сахна әртісі болғандықтан, солай ойлаймын, - деді Роза Рымбаева.