Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Қазақстанда ыстықтың беті қашан қайтады

"Қазгидромет" РМК Қазақстан бойынша 2023 жылғы 15-17 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады, деп хабарлайды Paryz.kz.

Қазақстанда ыстықтың беті қашан қайтады
Фото: pixabay

Синоптиктер алдағы күндері елімізде Қара теңіз аймақтарынан циклон пайда болатынын мәлімдеді. Қазақстанның басым бөлігінде күн жауын-шашынды болады.

Сондай-ақ найзағай ойнап, бұршақ жаууы және екпінді жел тұруы мүмкін.

Республиканың батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде кей жерлерде қатты жаңбыр жауады.

"Қазақстанның солтүстігінде күндізгі температураның қысқа мерзімді төмендеуінен кейін ауа температурасы 20+25-тен 25+33-ке дейін көтеріледі деп болжанды. Солтүстік-батыста +18+30-дан 25+33-ке дейін, орталықта 25+33-тен 32+39-ға дейін, оңтүстікте 25+35-тен 35+42-ге дейін, ал республиканың батысында температура +22+35, шығыста +27+ 35 болады" , деді "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.

Болжам бойынша, республиканың оңтүстік-шығысында температура фонында өзгеріс болмайды.