Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

«Анамнан ерте айырылып қалдым»: Досымжан Таңатаров отбасы жайлы жан сырын ақтарды

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Дарын" жастар сыйлығының иегері Досымжан Таңатаров анасынан ерте айырылып қалғанын айтты. "Жақсы адамдарым" бағдарламасына келген әнші ел білмейтін құпиясын бөлісіп, жан сырын ақтарды, деп жазады Paryz.kz KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

«Анамнан ерте айырылып қалдым»: Досымжан Таңатаров отбасы жайлы жан сырын ақтарды
Фото: "Ұйқым келмейді" бағдарламасы

"Осы отырысымның өзі әуелі Алла, одан соң осы әкемнің арқасы. Менің ең қымбатым да, байлығым да осы кісі. Өйткені, мен жиырма жасқа толмай жатып, анамнан ерте айырылып қалдым. Анамның орнында да, әке орнында да осы кісі жүр. Күндіз түні ойлап отыратыным осы кісі. Алыста тұратын ұлы да - мен. Осы кісінің кіндігінен тараған жеті ағайындымыз.

Соның төртеуі - ұл, үшеуі - қыз. Үйдің кенжесі менмін. Қалған алтауы - Тараз өңірінде. Алыстау жүргені - менмін. Сондықтан қай уақытта болсын ол мені ойлап жүреді. Алдарыңызда жүрген уақытта бойымызда кішкене жақсы қасиет байқасаңыз, әуелі - анам, одан кейін осы кісінің тәрбиесі", - деді көзі жасаураған әнші.