Қазақстанның эстрада әншісі, Роза Қуанышқызы Рымбаева әуежайда біреудің төлқұжатымен шетелге кетпекші болғанда ұсталды, деп хабарлайды Paryz.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаева ұлының төлқұжатымен елден шығуға тырысқан, алайда кеден қызметкерлері әншіні Астана әуежайында ұстаған.
Өнер иесі Бакуге тойға бара жатқан. Бастапқыда Алматы-Астана бағытына кедергісіз ұшқан. Ары қарай шетелге полиция қызметкерлері жібермеген.
«Мені үйлену тойына шақырды. Енді бұл той менсіз өтеді. Мен Мади ұлымның төлқұжатын алып шығып кетіппін. Асығыс болғандықтан ашып қарағанда жоқпын. Біздің кеденшілер маған: «Апай, біз сізді сағынамыз, бірақ Әзербайжанда сізді сағынбаймыз» деді. Жалпы, үйге қайтуға тура келді», - деді Роза Қуанышқызы.
Сондай-ақ, әншінің ұлы Әли Оқапов желіде қойылған сұраққа да жауап беріп үлгерген.
«Желіде маған анаңыз төлқұжатсыз қалай Алматыдан Астанаға барған деп көптеген сауал жолдады. Құрметті достар, егер сіздер құжаттың түпнұсқасын ұмытып кетсеңіздер, ел ішінде еркін ұша аласыз себебі сіздің қолыңызда телефон бар. Сол арқылы сіз құжаттың электронды нұсқасын көрсетіп кез келген қалаға ұша аласыз. Ал тұпнұсқа болмаса, онда шетелге шығуға тыйым салынған екен», - дейді әншінің ұлы Әли Оқапов.