Белгілі әзілкеш Қайрат Әділгерейдің әнші келіншегі Бақыт Тұрман күйеуінің барлық ер адамдар сияқты ашуға берілетін мінезі барын бүкпесіз айтты. Сөзінше, ол күйеуінің ерсі әрекеттеріне қарап психолог пен психотерапевтке алып барып, емдеткен, деп жазды paryz.kz kyn.kz сайтына сілтеме жасап.
«Мен алғашында үйленген жылдары бірінші рет түсінбей қалдым. Кәдімгі қолды-аяққа тұрмай бәрін аударып, сындырып, теуіп тастайтын. Маған тиіспейтін заттарды аямай сындыратын. Мен керісінше үйдегі әр заттың төзімділік сапасына қарап, ұзаққа шыдаса екен деп таңдап алатынмын. Ол сындырып тастаған сайын ішім ашып, соңында психолог, психотерапевт, невропатологқа бар дедім. Шыныменен де ертіп апарып, тексерттік. Ол енді болған жағдай. Ашуланса құтырып, адам танымсастай өзгеріп кететін»,-дейді әнші Бақыт Тұрман.
Эфир жүргізушісі Нұрсұлтан Құрман Қайрат Әділгерейдің өз ғашығының соңынан сегіз жыл жүгіріп барып қол жеткізгенін тілге тиек етіп, оған «Қадалған жерінен қан алған Романтик» деген наминациямен диплом табыс етті.