Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Досымжан Таңатаров: «Көп әйел алатындарды заң жүзінде қолдау керек»

Белгілі отандық әнші Досымжан Таңатаров “Ұйқым келмейді” бағдарламасында тоқал алатын ер азаматтарға қолдау көрсету керегін айтты. Бұл туралы Paryz.kz Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Досымжан Таңатаров: «Көп әйел алатындарды заң жүзінде қолдау керек»
Фото: әлеуметтік желіден

Бағдарлама жүргізушісінің: “Көп әйел алатындарды заң жүзінде қолдау керек" депсіз. Бұл сіздің сөзіңіз бе?” деген сұрағана:

“Әрине, менің сөзім. Қазақ әйелдері ұлан-байтақ жерімізде 20 миллион халықты көбейтудің жолын қарастыру керек деп ойлаймын. Елімізде екінші әйелді алып, заңдастыра алмай жүрген жігіттер қанша?! Менің бұл ойыма бүкіл әйелдің қарсы болатыны белгілі. Он мың әйелдің бірі ғана келісуі мүмкін және ол заңдылық. Адам өзі жақсы көретін жарын өзгеге қия алмайды ғой”, – деп жауап берді өнер иесі.

Әншінің айтуынша, тоқал болғысы келетін қазақ қыздары жетерлік. 

“Мен мұны белгілі бір статистиканың нәтижесі деп айта алмаймын. Бірақ біз елдің ортасында жүреміз, әлеуметтік желідегі парақшамызға да хат жолдайтын қанша келіншектер бар. Екніші, үшінші әйел болып тұрмысқа шыққысы келетін, “Екі балам, үш балам бар, қиналып кеттім. Маған пана болатын еркек табыла ма?” дейтін келіншектер туралы жігіттердің арасында әңгімелер болады. Оны жариялай бермейсің, бірақ сондай жағдайлар көп. Осындай жағдаймен екінші әйел алған қанша азаматтар бар. Сол отбасы аяқтанып кетсін деп көмек жасаған жігіттер де көп. Мен тоқал алайын не алмайын. Бірақ екінші әйел алған азаматты қос қолдап құптаймын. Тоқалды жария түрде алған – жігіттің жігіті. Оған рұқсат берген әйелі де мықты жан. Бірақ әйелің қарсы болып, ажырасып кететіндей жағдайға жетсең, онда қажеті жоқ. Басқа әйелді жарылқағаннан не пайда, егер өз әйел, бала-шағаң жетім боп қалса”, – дейді Досымжан Таңатаров.