Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Тұрсынбаева әже атанып, немересіне ерекше есім берді

Тұрсынбаева желідегі парақшасына тұңғыш немересінің дүниеге келгенін сүйіншілей отырып, қалың қазаққа хабарлады. 

Тұрсынбаева әже атанып, немересіне ерекше есім берді
фото: әлеуметтік желіден

Өткен жылы Түркияда дүркіреген той өткізген ақынның отбасында бүгін тағы той. Қуанышты жаңалыққа көпшілік ақ тілектерін ақтарды, деп хабарлайды paryz.kz kyn.kz-ке сілтеме жасап. 

«Ал сүйінші! Кеше ғана үйленген Беклан мен Мәдина бүгін ата-ана атанды! Толғақ 40 сағатқа созылды… Алланың шексіз мейірімімен бүгін таңғы сағат 4.25-те Әлем Бекланұлы дүниеге келді! Қазақтың атын әлемге танытатын мықты ұлдардың қатарында болсын дедік… Барлықтарыңызға жұғысты болсын тілекшілерім», — деп жазды Тұрсынбаева.