Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

«Күйеуің қыдырып кетсе, шыда»: Алмат Сақатов көптің талқысына түскен пікіріне қатысты жауап берді

Белгілі актер Алмат Сақатов “1001 түн” бағдарламасында "Күйеуің қыдырып кетсе, шыда" деген пікіріне қатысты түсініктеме берді. Бұл туралы Paryz.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Күйеуің қыдырып кетсе, шыда»: Алмат Сақатов көптің талқысына түскен пікіріне қатысты жауап берді
Фото: әлеуметтік желіден

“Бақаның да өз пікірі болады дейді. Сөзімді тура мағынада қабылдайды екен деп үндемей отыра алмаймын, тентектеу адаммын. Менің осындай сөздеріме бола оқырманым көбейген болар. Әр адамның өз көзқарасы бар. Таяқ жемес үшін тіліңді қысқарт деп түсінуге болады немесе ол кісі ақша табамын деп шаршап келгенде миын ашытып не қыласың? Мүмкін саған сабырлық керек шығар деп те түсінсе болады. Бұл жерде әйелді бір бұрышқа тығу емес”, – дейді актер.

Өнер иесі өзінің ойымен келсіпейтін, сөз таластыратын адамдардың да барын жасырмады.

“Мысалы, маған қарсы сөйлеп, менімен ұрысатын адамдар бар. Мен әдейі сондай тақырыптарды көтеремін. Өмірде әйеліне сөйлей алмайтын, бастығымен ұрыса алмайтын адамдар болады. Оларға іштегіні шығара алмай, күйіп жүргенде мені көріп қалып: “Иттің баласын, сенікі дұрыс емес” деп шерін тарқатады. Маған жазылған пікірлерді оқимын. Ұрысады, мені боқтайды. Бірақ мен ешқашан қарсы шығып, жауап қайтармаймын. Оның өз көзқарасы болу керек. Маған Австралиядан бір қазақ әйел жазыпты. “Күйеуім сіздің мына сөзіңізді оқып, екеуіміз осы үшін ұрыстық” дейді. Мен бір жағынан қуандым. Екеуі дауласса бір-біріне айтары бар деген сөз. Өмірде бір-бірімен сөйлесе алмайтын, ішінен тынатын ерлі-зайыптылар бар. Арасында ұрысып, бір-бірімен дауласып, аяғында шүйіркелесіп, келісімге келіп, жарасып кетсе керемет емес пе?”, – дейді Алмат Сақатов.