Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

«Үйге қонбайды»: Әбдіжаппар туралы айтқан Роза Әлқожа келінін жылатты (ВИДЕО)

Танымал әнші Әбдіжаппар Әлқожа 31 жасқа толған туған күнін дүркіретіп атап өтті. Әншінің жақындары мен өнердегі әріптестері бас қосып, қуанышына ортақтасты. Інісіне тілек айтқан Роза Әлқожа келінін жылатып алды. Бұл туралы Paryz.kz Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

«Үйге қонбайды»: Әбдіжаппар туралы айтқан Роза Әлқожа келінін жылатты (ВИДЕО)
коллаж: stan.kz

"Мен басында айтқанмын. "Әлі сен сияқты келіншектің оны болады. Соған төзесің бе? Үйге қонбайды, топырлатып бала тапсаң да, бағаламайды. Қыздар өздері келіп ұрынады деп айтқанмын. Негізі қыздар көзсіз батыр ғой. Сонда да “Мен Шымкентке келін боламын. Әпке, сізге серт беремін. Сіздердің әулетті көбейтемін,  өсіремін, өндіремін деді”, – деген Роза Әлқожаның сөзі Әбдіжаппардың келіншегін жылатып қойды. 

Отбасылық жиындағы бейнежазба әлеуметтік желіге тарап кетті. Көптің көзінше келініне осындай тілек айтқан Роза Әлқожаны жұрт сынап тастады.

“Жабысып тидің, мен ескерткенмін дегендей айтып тұр”, “Не деп тұр мынау?”, “Осындай танымал адамдардың әйелдердің аяймын”, “Тауып айттым деп тұр ма? Роза өте дөрекі екен”, “Қанша жерден әнші болсын ол әйелін аманат етіп алды”, “Асыра сілтеп жіберді, келінді жылатып. Інісі керемет пе еді?”, – деп жарыса жазды желі қолданушылары.

Әншінің өзі бауырының туған күніне тілек айтып, жазба арнады.

“Ал, бауырым, бағым, жаным, толған жасың құтты болсын! Шәкірті озған болса, сол ұстаз мен болайын! Бауырына арқа сүйеген әпке болса мен болайын! Алла көп көрмесін! Бағыңды баянды етсін! Алла берекелі етсін! Төркінім боп төрімде тұр, асылым боп алдымда жүр”, – делінген жазбада.