Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Актриса Айым Сейтметова «ақша үшін тұрмысқа шықты» дегендерге жауап берді

Отандық актер Азат Сейтметов пен актриса Данагүл Темірсұлтанованың қызы Айым Сейтметова өзінен 9 жас үлкен күйеуіне қатысты сұрақтарға жауап берді. Бұл туралы paryz.kz Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Актриса Айым Сейтметова «ақша үшін тұрмысқа шықты» дегендерге жауап берді
фото: әлеуметтік желіден

“Сізді Талғатқа ақша үшін тұрмысқа шықты деп естідім” деген оқырманға актриса: “Иә, әрине. Сол себепті тойдан кейін біз қарапйым жалдамалы пәтерде тұрдық. Ол кездері детейлинг енді тұрғызылып жатқан еді. Ал Талғаттың бар ақшасы жөндеу жұмыстарына кететін. Азық-түлік пен пәтерге кей кездері мен төлейтінмін. Бірақ мен Талғатқа сендім және мұның тек уақытша қиындықтар екенін білдім. Ол кездері менің жалақым қазіргімен салыстырғанда әлдеқайда аз болса да, тұрақты болатын”, – деп жауап берді.

Айым Сейтметова “Талғатты әйелінен тартып алдыңыз” деген қауесетті де жоққа шығарды.

“Мен ешқашан ондай деңгейге түспес едім. Ол бойдақ боп жүргенде маған қырындайтын. Менің де басым болғандықтан кездесуге келісіп, бір-бірімізге ғашық болдық. Екеуіміз қаншама сезімді бастан өткердік”, – дейді актриса.