Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

«Асфальтта өскен келін қаламас едім»: Әнші Қарақат Әбілдина келінге қатысты талабын айтты

Эстрада әншісі Қарақат Әбілдина ұлының ер жеткенін және ене атануға дайын екенін айтты. Өнерпаз қазақы тәрбиленген қызды ғана келін ретінде қабылдайтынын жеткізді. Бұл туралы өнер иесі "Ұйқым келмейді" бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Paryz.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

«Асфальтта өскен келін қаламас едім»: Әнші Қарақат Әбілдина келінге қатысты талабын айтты
Фото: әлеуметтік желіден

Алты баланың анасы, әнші Қарақат Әбілдина ұлының ер жетіп, шаңыраққа келін әкеліп, қолымды ұзартатын жасқа келгенін айтты.

"Мен өзім жақсы ене болатынымды білемін. Келінім ең бастысы таза асфальтта өскен, тілін білмейтін, дәстүрінен мақұрым, ондай келінді еш қаламас едім. Ең бастысы қазақы, таным түсінігі бар, көргені бар, көзі тоқ болса болды. Қазақы тәрбиені көрген қыз болуы керек", - дейді Қарақат Әбілдина.

Әншінің айтуынша, ұлы Бекболат анасымен жиі сырласады екен. Тіпті ұнатқан қыздарының суретін жіберіп, пікірін біліп отыратынын айтты.

"Үлкен ұлым менімен жақсы сырласады. Сәл көңілі болған болса, менімен ақылдасып отырады. Мен ғашық болдым, күйдім, сүйдім деп маған бір қызды менің ақылымсыз, ой-пікірімсіз әкеле салады деп ойламаймын. Ондай жағдайда ұлым менімен міндетті түрде ақылдасып, кеңеседі", - дейді әнші.