Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

«Әйел үшін өте ауыр»: Жазира Байырбекова отбасындағы сатқындықты әзілге айналдыруға қарсы шықты

Отандық әнші Жазира Байырбекова отбасындағы ер адамның сатқындығы жайлы тақырыпты қозғап, бұл жағдайдың әйел қауымына қаншалықты ауыр әсер ететінін айтты. Өнер иесі бұл тақырыпты әзілге айналдырудың да дұрыс еместігін айтты, деп жазады Paryz.kz KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

«Әйел үшін өте ауыр»: Жазира Байырбекова отбасындағы сатқындықты әзілге айналдыруға қарсы шықты
Фото: instagram.com/zhazira_bairbekova

Бұл жайлы әнші Instagram парақшасында айтты. "Күйеуінің үйге қонбағанын, көңілдесімен болғанын біліп қойғанын, әйелінен бірнәрсе жасырғанын әзілкештер қалжың ретінде көрсетіп, дастархан үстінде күліп әңгімелеп отырамыз. Шындығында, бұл - әйел үшін өте ауыр. Жүректің түбінде қалып қоятын, ерлі-зайыптының арасын суытатын, махаббатты сөндіретін сатқындық қой. Ол комедия емес, трагедия. Алла алдында үлкен күнә. Ұрпағымыздың отбасын ойыншыққа айналдырмай, салмақты қарауға тәрбиелеуіміз керек", - деді Жазира Байырбекова.

Ал желі қолданушылары әншінің бұл жазбасымен толықтай келісетінін айтып, пікір қалдырды.

"Дұрыс айтасыз", "Сізбен толықтай келісем", "Кейде шешім қабылдап, өз қадіріңді білген дұрыс", "Өте орынды", "Жүз пайыз келісемін", - деп жазды желідегілер.