Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

«Өкінемін»: Тұрсынбек Қабатовтың әйелі еш жерде айтпаған өкінішін бөлісті

Отандық әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жұбайы Мөлдір Мұқанова өз өкінішін бөлісті. Асхат Садырбайдың бағдарламасына сұхбат берген әзілкештің әйелі жан сырын ақтарып, мамандықтан қателескенін баяндап берді, деп жазады Paryz.kz nur.kz-ке сілтеме жасап.

«Өкінемін»: Тұрсынбек Қабатовтың әйелі еш жерде айтпаған өкінішін бөлісті
Фото: instagram/moldir.mt

"Музыкаға деген қызығушылығымыз, домбыраға деген махаббатымыз нағашы атамыздан келген шығар. Бауырларым ән айтады. Үйдегі музыкадан алысы мен. Үлкен ағам музыка саласында, мамандығы музыкант. Менің музыкаға, өнерге баруыма қарсы болған сол кісі.

"Жоқ" деп бір ауыз сөз айтты, мен ештеңе дей алмадым. Әкемнің жолын қуып экономист болдым. Өкінемін. Мен мамандық таңдаудан қателескен адаммын. Сол үшін де шығар өнер мектебін ашып, жұмыс істеп жатқаным. Қазір бір жобаның продюсерімін", - деді Мөлдір Мұқанова.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Мөлдір Мұқанова күйеуіне тоқал әперуге қалай қарайтынын айтқан болатын.