Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

«Қанша жыл болды ғой»: Төреғалидің қарындасы көпшіліктің балалы болуға қатысты сауалына жауап берді

Төреғали Төреәлінің үлкен қарындасы Фариза Төреәлі көпшілік көкейіндегі сауалға жауап беріп, әлі күнге балалы болмауының себебін түсіндірді. Бұл жайлы әншінің қарындасы Instagram парақшасында мәлім етті, деп жазады Paryz.kz KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

«Қанша жыл болды ғой»: Төреғалидің қарындасы көпшіліктің балалы болуға қатысты сауалына жауап берді
Фото: Instagram/fariza_toreali

"Жазатын уақыт келді. Бірнеше жылдар бойы тоқтаусыз келетін сұрақ жайлы, жүктілік жайлы, бала жайлы өз ойым. Аллаһтың әр бергеніне де, бермегеніне де біз құл ретінде разы болуымыз керек. "Қалағаның болып жатса, бір қайыр. Болмай жатса, мың қайыр ізде" деген. Мен ұзақ күткенім үшін Аллаһым үнемі үлкен хайырмен, мен сұрағаннан да еселеп береді. Соны білемін. Бірақ бастысы дұға мен үмітті тоқтатпау керек дер едім. Енді ғана жасым 22-де. Бар қызық әлі алда. Дәл қазір бала сүюді тілеп жүрген, қалап жүрген, күтіп жүрген әр отбасыға Аллаһым саналы, салих ұрпақ нәсіп етсін", -  деді Төреғалидің қарындасы.

Сонымен қатар әншінің қарындасы мұндай сұрақтың ауыр тиетінін айтып, оқырмандарынан жеке өміріне қатысты сұрамауын өтінді.

"Жазбасам да болар еді. Алайда мен сияқты қыздарды сөзбен болсын қолдағым келеді. Күнделікті сұрақтарға үйреніп қалғанмын. Бірақ өзінің де, өзгенің де шекарасын сезбейтін, өзіне қатысы жоқ нәрсеге араласатын адамдардың істері жағымсыз сезім алып келетіні өтірік емес. Дәл солай қаншама қызға да көрінген адамнан "қашан күйеуге шығасың, отырып қалатын болдың ғой", "Қашан балалы боласың, қанша жыл болды ғой" сынды сұрақты есту ұнайды деп айта алмаймын.

Өзгенің өміріне шектен тыс араласу - мәдениетке де, иманға да жатпайды. Себебі хадисте "Көркем мұсылманның белгісі – өзіне қатысы жоқ нәрсені тастауы" деген. Сондықтан сіз де, біз де өзгенің көңіліне қарап сөйлеуді және шекара дегенді біліп жүрсек жаман болмайды", - деді Фариза Төреәлі.

Естеріңізге сала кетейік, Фариза Төреәлі спортшы Дархан Нортаевқа 2020 жылы тұрмысқа шықты.