Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

«Балалы бола алмайсың»: Жұлдызай Дүйсенбиева көпшілікке жан сырын ақтарды (ФОТО)

Отандық актриса Жұлдызай Дүйсенбиева оқырмандарына жан сырын ақтарды. Өнер иесі дәрігерлердің ана бола алмайтынын айтқан сәтін еске алды, деп жазады Paryz.kz ақпарат агенттігі nur.kz-ке сілтеме жасап.

«Балалы бола алмайсың»: Жұлдызай Дүйсенбиева көпшілікке жан сырын ақтарды (ФОТО)
Фото: Ең алғашқы бағдарламасы

Бұл жайлы актриса Instagram парақшасында жазды.

"Алғашында дәрігерлер "Балалы бола алмайсың. Көп жылдар ем алу керек. Онда да ол нәтиже бере ме, белгісіз" деп еді. Бірақ, шүкір, Алланың қалауымен 2015 жылы осы қызым дүниеге келді. Жүрегім жарылып кете жаздап қуандым.

Осы қыз үшін қайтадан өмір бастағандай болдым. Өмірсерік екеуіміз тек Аянат үшін өмір сүрдік. Алланың маған берген сыйы, шүкір. Перзентханадан да ән-күйсіз, у-шусыз шығып кеттік. Жалпы, ел қатарлы мынаны жаса деп күйеуімнің миын ашытпаппын", - деді Жұлдызай Дүйсенбиева.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Жұлдызай Дүйсенбиева өзіне ота жасалатынын айтқан болатын.