Прямая трансляция

Астана

Астана

-14.03°C

«Көрсеткім келмейді»: Димаш Құдайберген болашақ жары туралы айтты

Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген шетелдік БАҚ-қа берген сұхбатында болашақ жұбайы туралы сұраққа жауап берді. Әнші жеке өмірі жайлы сұхбаты Sputnik Армения сайтында жарияланды, деп жазады Paryz.kz KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

«Көрсеткім келмейді»: Димаш Құдайберген болашақ жары туралы айтты
Фото: әлеуметтік желіден

Әнші тілшінің "Жүрегіңіз бос па?", - деген сауалына жауап беріп, басының бос екенін айтты.

"Желіде менің бірнеше әйелім бар екені жайлы жалған ақпарат та айтылады. Бірақ мен басы бос, бойдақ адаммын. Мен жеке өмірімнің жеке болып қалғанын қалаймын. Сол себепті, болашақта жарымды көрсеткім келмейді. Менің жұмысым, шығармашылығым, концерттерім бар. Кей нәрсе жеке болып қалуы керек", - деді Димаш Құдайберген.

Естеріңізге сала кетейік, осыған Димаш Құдайбергеннің әкесі Қанат Айтбаев баласының атын жамылған алаяқтар жайлы айтқан болатын.