Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

«Анам табыстырды»: Әли Оқапов жары Ақерке Бүркітбаймен айырылысып кеткен кезін еске алды

Танымал әнші Әли Оқапов Тимур Балымбетовке берген сұхбатында жұбайы Ақерке Бүркітбаймен қалай танысқаны туралы айтып бері деп хабарлайды Paryz.kz Stan.kz-ке сілтеме жасап.

«Анам табыстырды»: Әли Оқапов жары Ақерке Бүркітбаймен айырылысып кеткен кезін еске алды
Фото: әлеуметтік желіден

“Мен Ақеркені түсірілім барысында көріп қалдым да, ортақ досымыз, “Асыл” тобының мүшесі Ғалия Мұратовадан екеуімізді таныстыруын сұрадым. Біз сырттай бір-бірімізді білетінбіз, бірақ бетпе-бет кездесіп, танысқан жоқ едік. Ақерке өте тұйық қыз болатын. Сөйтіп Ғалия арқылы Ақеркеге сәлем айтып жүрдім, бірақ одан ешқандай жауап алмадым. Арада жылдар өтті, мен Гәккудің екінші фестивалінде өнер көрсеттім. Сол бейнежазбамды әлеуметтік желіге салайын десем мені видеоға тігінен түсірген екен. Ал маған бейнежазбаны көлденеңнен салу керек болды. Мен техника жағынан ештеңе түсінбеймін. Ақеркенің монтажды жақсы меңгергенін білетінмін. Сөйтіп одан көмек сұрадым. Ақерке мені өзін кездесуге шақырудың амалын таппай, сылтауратып тұр екен де ойлап: “Кездесуге шақыратын болсаң, дұрыстап шақырмайсың ба?” деп жазып жіберіпті. Осылайша Ақеркеден үмітімді үзген мен ойда жоқта  оны кездесуге шақырдым”, – дейді Әли ара қатынасының қалай басталғанын баяндап.

Отбасылық өмірге қадам басуды ойлаған әнші қалыңдығын анасымен таныстырған сәтін де еске алды. Жұлдызды әулеттің келіні Ақерке Бүркітбайды Роза Қуанышқызы да ұнатып, ұлының таңдауын қолдаған. Сұхбат барысында Әли Оқапов сүйіктісінің көңілін қалдырып, айырысқан сәттердің де болғанын жасырмады.

“Екеуіміздің айырылысуымызға мен себеп болдым. Кінә менен. Біз екі жаққа кеттік, бірақ мен айырылысқанымызды көтере алмадым. Өмірімнен мән кетті, күнделікті тамақ ішемін, ұйықтаймын, пәтерімде жалғызбын. Анам мұны байқаған көрінеді. Ол маған: “Ақерке жақсы қыз. Егер онымен болашақта отбасы құрамын десең, мен сені қолдаймын” деді. Анамның сөздерінен кейін өзімді-өзім қинап жүргенімді түсіндім. Жаңбырлы күнде қолыма гүлімді алып, Ақеркеге бардым. Оны далаға шығарып алып, жаңбырдың астынада тұрып кешірім сұрадым. Ақерке мен бірден кешірді. Себебі ол мен сияқты салқынқанды адамның сезімін білдіріп, мұндай қадамға бара бермейтінін білетін. Сөйтіп анам бізді табыстырды”, – дейді Әли Оқапов.