Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

«Баламды бір көруге зар қылып қойды»: Танымал әнші сырын ақтарды

Қазақ эстрадасындағы жұлдызды жұп Қуаныш пен Қарлығаш жақында ауыр сынақты бастан кешті. Бұл туралы олар "Төртеу түгел" бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Paryz.kz KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

«Баламды бір көруге зар қылып қойды»: Танымал әнші сырын ақтарды
фото: әлеуметтік желіден

"Бұл оқиғадан не түсіндім? Мен үшін көптеген есік жабылды. Досым деп жүрген адамдарды басыңа қиын іс түскенде таппай қалады екенсің. Сол кезде өзіңе және Аллаға ғана сену керектігін түсіндім", - дейді Қарлығаш.

Қуаныш болса, баласын бір көруге зар болған сәттерін еске алды.

"Оңай шаруа емес. Бұл жай ғана ауру емес. Үлкен сынақ болды мен үшін. Шынымен де ауыр соққы болды. Бұл жағдай ең алдымен денсаулықтың қадірін ұқтырды. Балаларға ұрсып жатамыз ғой... Біздің де "балам" деп дауыс көтеретін кездеріміз болды. Баланың қадірін ұқтырды. Баламды бір көруге зар қылып қойды. Ауруханаға кіре алмай қалдық", - дейді ол.

"Системада бір апталап, сұлқ түсіп жататын. Сол кезде: "Құдай-ай, үйде шашып-төгіп, ойнап, еркелеп жүрсе екен", - дейтінмін. Үйдегі қабырғалар сызылып, тұсқағаздар жыртылып жатса, ол үйдің берекесі бар. "Балалы үй базар" деген. Одан ұялмауымыз керек", - деді Қарлығаш Мырзагелдиева.

Айта кетелік, 2019 жылы жұлдыздың жұптың баласы ақ қан ауруына шалдығып, Түркияда 9 ай ем алды. Бүгінде ол дертінен аман-есен айығып шыққан.