Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

«Тағдырым мынадай болды»: Гаухар Әлімбекова бұрын-соңды еш жерде айтпаған сырларын жайып салды

Белгілі әнші, «Ақ келін» әнімен танылған Гаухар Әлімбекова көп жылдар бойы сахнаға шықпай кетуінің себебін түсіндірді. Айтуынша, әнші күйзеліске түсіп, талай мәрте сахнадан баз кешуіне тура келген, деп хабарлайды Paryz.kz Caravan.kz-ке сілтеме жасап.

«Тағдырым мынадай болды»: Гаухар Әлімбекова бұрын-соңды еш жерде айтпаған сырларын жайып салды
Фото: видеодан скриншот

Бұл туралы ол «Жібек жолы» арнасына берген сұхбатында айтып берді.

«Әкемнің армандап, аңсап жүріп жеткен қызымын. Анам 21 құрсақ көтерген. Алты ұлдан кейін мен дүниеге келгенде әкем үш күннен кейін құлағымды тестіріп, сырға тағыпты. Өскенімше бар затымды әкем таңдайды екен. Содан әкем мені «Өз қолыммен ұзатамын» деп айтып отыратын. Оған тағдырым мынандай болды, жастайымнан ән салып қала аралап кеттім.

Әкем қайтыс болып кетті. Ұзатуларда қызын ұзатып жылаған талай әкені көрдім. Неге қыз ұзатуға арналған ән шығармасқа деп ойладым. Содан осы «Ақ келін» хит әнім өмірге келді», - деді Гауһар Әлімбекова.

Оның айтуынша ол өнердегі ағасы Асылхан қайтыс болғанда қатты күйзеліске душар болған екен.

«Осыдан бірнеше жыл бұрын өнердегі, өмірдегі ағам Асылхан қайтыс болды. Содан қатты күйзеліске түстім. Сахнаға, өнерге еш қызығушылық болмады. Бар дүниеден баз кешіп кеттім»,- деді ол.