Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

«Жанұямнан жырақта жүрмін»: Қуандық Шәкіржанов әйелінің өзіне өкпелі екенін ашып айтты

Танымал актер Қуандық Шәкіржанов алғаш рет жанұясына қатысты сырын айтып, әйелімен бірге тұрмайтынын айтты. Бұл туралы ол "Алғашқы" бағдарламасында мәлімдеген, - деп жазады Paryz.kz ақпарат агенттігі nur.kz сайтына сілтеме жасап. 

«Жанұямнан жырақта жүрмін»: Қуандық Шәкіржанов әйелінің өзіне өкпелі екенін ашып айтты
Фото: видеодан скриншот

"Әр нәрсенің себебі болады. Қызым бой жетті, ұлым ер жетті. Жұбайым Арай балаларға жақсы тәрбие берді. Гастрольмен көп жүрдік.

"Бауыржан шоуда" билет өтпей қалады деген ой мүлде болмайтын. Қай облысқа, қай ауданға барсақ та, билет жоқ. Алматыда әрі кетсе 10-15 күн болып, тағы кетеміз. Өтірік айтпасам, он жылдай солай жүрдік-ау. Он жылдың жартысы жолда, жартысы

Алматыда өткен шығар. Отбасы болған соң, әр жанұяның жеке сыры болады. Сырын көп айтпайтынмын. Қазір жанұядан жырақ, уақытша гастрольде жүрмін, шынын айтқанда. Солай болуы керек шығар.. Мінезіміз де жараспады ма?! Ұл-қызыммен жиі араласып тұрамын.

Мамасы сұхбат беруге келмесе, маған өкпесі бар шығар. Өмір болған соң, бәрі де болады. Қайтадан қосыламыз ба? Оны құдай біледі. Қосылмай, сериал аяқталуы мүмкін", - деді Қуандық Шәкіржанов.

Айта кетелік, бағдарлама түсіріліміне актердің жары Арай қатысқан жоқ.