Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

«Ұнататын адамым бар»: Айжұлдыз Адайбекова сүйіктісі туралы айтты

Жанар Айжанованың қызы Айжұлдыз Адайбекова сүйіктісі бар екенін айтты. Әншілікке бет бұрған ару "Ревю" бағдарламасында ұнататын адамы жайлы сыр шертті, деп жазады paryz.kz nur.kz-ке сілтеме жасап.

«Ұнататын адамым бар»: Айжұлдыз Адайбекова сүйіктісі туралы айтты
Фото: әлеуметтік желіден

"Ұнататын адамым бар. Сөйлесіп жүргенімізге көп болмады. Өте жақсы адам. Менің жеке өмірімді еш жерден таппайсыздар. Менің жеке өмірімді тұрмыс құрып, аяғым ауыр болған кезде бір-ақ білесіздер. Мен сондай жанмын. Бірақ тойыма шақырамын", - деді Айжұлдыз Адайбекова.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Айжұлдыз Адайбекова бұрынғы күйеуі Қыран Талапбекпен заңды некеде болмағанын мәлімдеген болатын.

Айта кетейік, Жанар Айжанованың қызы Айжұлдыз Адайбекованың тұрмысқа шығатыны жайлы 2018 жылы белгілі болды. Оның таңдауы Kyran Films компаниясының негізін қалаушы, блогер әрі режиссер Қыран Талапбекке түсті.