Жақында ғана тұрмысқа шығып, жас келін атанған әнші Ерке Есмахан күйеуі Raim-ның әкесіне су жаңа көлік әпергенін айтты.
Бұл туралы Ерке Есмахан Instagram парақшасында хабарлады. Ең алдымен ол тұрмысқа шыққалы бері барлық мәселені күйеуі шешетінін айтып мақтанды.
«Сәлем бердік, қалайсыздар? Ораза жеңіл өтіп жатыр ма? Күйеуге шыққан рақат екен ғой. Бұрын жанталасып, бірдеңеден қалатындай шауып жүріппін, ақша табамын, асыраймын деп. Қазір бәрін күйеуім шешеді. Аллаға шүкір! Одан сайын еркелеп, тіпті инстаға шықпайтын болдым. Әке, анамыз (Еркенің қайын атасы мен енесі — ред.), қайын інілерім күшті демалып, қыдырып, Алматыдан Оралға қайтты. Әкемізге су жаңа көлік әперді күйеуім деп мақтанып қояйын», — деп жазды Ерке Есмахан.
Еске сала кетсек, Ерке Есмахан мен Раим биылғы қаңтарда мұсылманша неке қидырды.