Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

«Қатты жыладым»: Жұлдызай Дүйсенбиева танымал әншіге неліктен өкпелегенін айтты

Жақында өз фильмін түсірген актриса Жұлдызай Дүйсенбиева өнердегі әріптесі әрі досы Бағлан Әбдірайымовқа ренішін жеткізді. Бұл туралы ол "Қыздар-ай" жобасында мәлімдеді, деп жазады paryz.kz ақпарат агенттігі nur.kz-ке сілтеме жасап.

«Қатты жыладым»: Жұлдызай Дүйсенбиева танымал әншіге неліктен өкпелегенін айтты
Фото: видеодан скриншот

"Бағлан бізді киносына түсірмеді. "Бұл саған вайн емес. Бұл саған арзан әзіл емес. Бұл - ауқымды драма. Сен драмада ойнай алмайсың", - деді. Кәсіби актриса ретінде бұл менің көңіліме тиді. Мен драмада ойнаймын. Бізге басында бір роль берді. Бірақ кейін айтылған жоқ. Маған қатты тиді. Машинада қатты жыладым. Айта алмадым, ішімде қалып қойды. Жаныма тиіп кетті. "Бұл арзан әзіл емес, сен ойнап жүрген. Бұл - драма", - деді.

Қараңызшы, қандай ауыр сөздер. Мен драма актрисасымын. Мен кәдімгідей драма театрда жұмыс істеген адаммын. Кейін әзілге келген соң, халық солай қабылдайды. Бұған да ешкімді кінәлауға болмайды. Алайда көңіліме қатты алдым. Мен Бағланды өзіме жақын дос санайтынмын. Оның фильміне желі арқылы жарнама жасаймыз деп, дайындалып жүрген ек. Осылай болды", - деді Жұлдызай Дүйсенбиева.

Бір қызығы, Бағлан Әбдірайымовтың сөзін көңіліне алған Жұлдызай өзінің тұңғыш фильмін "Вайн емес, кино" деп атаған.