Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

«400 мың доллар дей ме?»: Гүлзира Айдарбекова Қайрат Нұртасқа қатысты тараған ақпаратқа пікір білдірді

Белгілі әнші Динара Әлжан отандық журналиске сұхбат беріп, Қайрат Нұртасқа казинода көлігін бергенін айтқан болатын. Хитменнің продюсері әрі анасы Гүлзира Айдарбекова бұл ақпараттың жалған екенін мәлім етті, деп жазады Paryz.kz ақпарат агенттігі Nur.kz-ке сілтеме жасап.

«400 мың доллар дей ме?»: Гүлзира Айдарбекова Қайрат Нұртасқа қатысты тараған ақпаратқа пікір білдірді
Фото: stan.kz

Бұл жайлы Айдарбекова Instagram парақшасында оқырмандарының сұрағына жауап берді. Желі қолданушысы продюсердің парақшасына "Динараның (Әлжан - ред.) сұхбатын көріп, Қайратты (Нұртас - ред.) ондай адам деп ойламайсың", - деп пікір қалдырған.

Ал Гүлзира Айдарбекова осыған дейін де Қайрат Нұртас жайлы түрлі ақпараттың шыққанын айтып, оқырманның бұл пікірін жауапсыз қалдырмады. Айдарбекованың айтуынша, бағдарлама жүргізушісі осы арқылы хайп жасамақ болған. "Қайрат жайлы (кім - ред.) не айтпады?

Айта берсін. Ешкімнің ақшасын тартып не алдап алған жоқ. Қайраттай болып алсын. "Күндестің күні қоңырау, соңымнан еріп жүр әлі" деп Қайрат әнімен жеткізгендей, шегі жоқ әңгіме ғой. Жақсының артынан сөз ереді. Аузын толтырып, ойдан құрап 400 мың доллар дей ме? Концерті мықты өткен сайын, "Абыройын қалай түсіремін?" деп өзегі өртеніп жүр-ау.

Бұл алғашқы не соңғы өсек емес. Айта берсін. Нағыз жігіт болса, "Елдің азаматы ғой" деп, ағалық ақылын айтатын еді. "Өзіңнен шыққан жау жаман" деген осы шығар", - деп жауап берді Гүлзира Айдарбекова.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін әнші Динара Әлжан Қайрат Нұртасқа казинода көлігін бергенін айтқан болатын.