Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

«Бірге бола алмаймыз»: Ерке Есмахан жан сырын ақтарды

Әнші Ерке Есмахан Instagram желісінде оқырман тарапынан қойылған күйеуі Райыммен ара-қатынасы туралы сауалдарға жауап берді, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

«Бірге бола алмаймыз»: Ерке Есмахан жан сырын ақтарды
Фото: әлеуметтік желіден

Әнші өз сөзінде Райыммен заңды түрде неке қидырмағанын мойындады. Жұлдызды жұптың заңды некеге тұрмауының себебін сұраған оқырманға Ерке Есмахан былайша жауап берді:

«Жолдасым жасатамыз деп жүр. Концерттерден қолы енді босады. Алда неке жүзігімен әдемі заңды неке қидырамыз бұйырса» деп жауап берді.

Желі қолданушылары Ерке Есмахан мен Райымның қарым-қатынасы қай уақыттан басталғанын түсінбей дал.

«Ара қатынастарыңыз 2018 жылдан басталған болса, басқа жігітіңізбен қатар жүргенсіз бе? Өсек бітпей жатыр», - деген сауалды оқырмандардың бірі қойды.

Ол осылайша «Ninety One» тобының экс-мүшесі A.Z-ді меңзеді. Әнші бұл сұраққа тоқталып, мән-жайды толықтай түсіндіріп шықты.

«Сіздер де тек жаман жағын ойлауға дайын тұрасыздар. Көп сынақтан өтіп, жасқа, басқа қарамай екеуі қосылған деп неге жақсы жағын ойламайсыздар, өсек қумай? 2018 жылы таныстық, табыстық. Біраз уақыттан соң қоштастық. Уақыт өте қайтып қосылдық, қайта қоштастық. Осылай қайталана берді. «Бірге бола алмаймыз» деп мен басқаға күйеуге шығатын боп, ол басқаға үйленетін болып шешкенбіз. Сөйтіп ол ақыры үйленбеді, мен қайтып, өзім қалдым. Қайта кездесіп, сөйлесіп бір-бірімізсіз өмір сүре алмайтынымызды түсінгенде Tik Tok көмекке келді. Ешқандай қатар жүру деген жоқ. Қысқа нұсқа шындығым осы. Қалған әңгімелерге мен жауап бермеймін», – деп жазды Ерке Есмахан.