Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

«Сол жерде көлігімді бердім». Болат Назарбаевтың бұрынғы тоқалы Қайрат Нұртасты қалай казинодан алып шыққанын айтты

"Үндемейді жүректі" 1500 долларға алдым. Бейнебаянды өз үйімде түсірдім дейді Болат Назарбаевтың тоқалы Динара Әлжан – деп хабарлайды Massaget.kz "Уақыт көрсетеді" бағдарламасына сілтеме жасап.

«Сол жерде көлігімді бердім». Болат Назарбаевтың бұрынғы тоқалы Қайрат Нұртасты қалай казинодан алып шыққанын айтты
Коллаж: massaget.kz

"Кентал ән жазуды ұсынды. Бауыржан Беймахановтан "Үндемейді жүректі" 1500 долларға алдым. Бейнабаянды бір жігіт түсіріп берді, қымбат емес. Оны өз үйімде түсірдім. Кентал студиямен таныстырды, сөйтіп араласып кеттік. Оған көмектестім. 20 мың доллардай қаражат бердім. Анасымен де таныстырды"- деп баяндайды Динара Әлжан өзінің Кенталмен достығын. 


РЕКЛАМА
Әншінің айтуынша, Кентал бір күні оған казиноға шаруалармен барып келуді ұсынған.

"Бір күні маған казинода бірдеңе болып қалды, досыма барып келейікші деді. Бардық. Бір досы бар пайызға ақша береді.  Қасында тағы бір әнші болды, таныстырды. Қиналып отыр екен,  "қара енді көмектескің келсе, көмектес" деді Кентал" - дейді әнші. 


Журналист Нұрсейіт Жылқышыбай қиналып отырған әншінің кім екенін нақтылау үшін "Қайрат Нұртас па?" деп сұрады.

"Иә, қатты қиналды ол. Қайрат Нұртастың өзі бала емес, ол да бір сынақ болар. Жастық шақта не болмайды, әдейі бармаған шығар. Ұтылып қалғанын көріп отырмын, мен машинамды бердім. Ертең түсте машинаңды қайтарамын, үстіне 2 мың доллар қосып беремін деді", - деп қиналған әншінің Қайрат Нұртас екенін растады. 

Динара Әлжан артық ақшаның керек емес екенін, тек алдағы уақытта казиноға жоламауын сұрағанын айтты.

"Мына жерден тыныш кетсеңіз болды, ойнамаңыз. Сізге мұндай мәселе неге керек? Халықтың баласы, өзім аяп кеттім. Кім қателеспейді деп машинамды бердім" – деді Динара.

Әншінің айтуынша Кенталмен қайтар жолда біраз сөйлескен. Біраз нәрсені түсіне алмағанын айтады.

"Кентал жолда енді өзің білесің, мен саған бер деген жоқпын дейді. Онда мені неге казиноға алып келдің дедім" – деп өзінің түсініспеушілігін жеткізді Динара.

Ал Қайратпен келесі күні кездесіп, Қайрат көлігін қайтарған. 

Мәселеге орай Қайрат Нұртастың өзіне хабарласқанымызбен байланысу мүмкін болмады. Ал көмекшісі әншінің айналасында "қара ниетті, қызғаныштан көре алмайтын адамдар көп" екенін айтып, істің мән-жайын нақтыламады. Алдағы уақытта түсініктеме берсе, жариялауға дайынбыз.