Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

"Екі жыл бірге тұрдық": Мадина Сәдуақасова енесімен сөзге келіп қалған сәттер болғанын жасырмады

Отандық әнші Мадина Сәдуақасова отбасылық өмірінің құпиясын бөлісті. Енесімен екі жыл бірге тұрған әнші екеуінің келіспей қалған бір сәті болғанын айтып, "MOM'sкий әңгіме" жан сырын ақтарды, деп жазады Paryz.kz ақпарат агенттігі nur.kz сайтына сілтеме жасап.

"Екі жыл бірге тұрдық": Мадина Сәдуақасова енесімен сөзге келіп қалған сәттер болғанын жасырмады
Фото: әлеуметтік желіден

"Менің бір түсінгенім, ене мен келіннің қарым-қатынасын ер адам реттейді. Олжас менің туған күнімде үйленуге ұсыныс жасаған. "Өмірлік жарым ретінде сені көріп тұрмын. Әйелім ретінде өзіңді көріп тұрмын. Анама да айтамын, ол алғашында түсінбейтін шығар. Бірақ уақыт өте келе сенің қандай адам екеніңді білгенде, жақсы көріп қалатын сияқты" деп айтты. Қазір он жыл өтті. Тура сол ұстаныммен келе жатыр. Анасы осы уақытқа дейін бір ауыз сөз айтқан емес. Сөзге келіспей қалған емеспіз.

Тек ғана бір жағдай болды. Ол кісілер Әнуарды (Сәдуақасованың ұлы - ред.) мүлдем көпшілікке көрсеткісі келген жоқ. Әлеуметтік желіге шығарғанды қалаған жоқ. Үлкен бір бағдарламада Роза Рымбаева ұлымның тұсауын кесетін болды. Мен сол түсірілімге ұлымды апарғым келді. Әнуар әлі бір жасқа толмаған. Сол кезде ол кісілер "бармайды" деп қарсы болды. Бірақ, кейін ол кісі өнер адамы, халыққа белгілі адам, оның немересін көпшіліктің көретінін түсінді. Көпшілік ұлымды бір көргеннен "Әкесіне айнымаған бала екен ғой" деді. Мүмкін сол халықтың сөзі де жібітті ме, жолдасым да, мамасы да жақсы қабылдай бастады. Енем біреудің өміріне араласпайтын адам", - деді Мадина Сәдуақасова.

Сонымен қатар әнші енесімен екі жыл бірге тұрғанын да жасырмай айтып берді.

"Біз екі жыл бірге тұрдық. Олжастың жұмысы ауысып, Астанада босандым. Сосын біз Әнуардың үш айлығында Алматыға қайтып келдік. Енеммен бірге тұрдық. Ол кезде менің өз пәтерім болды. Бірақ күйеуім сырт көзге жуас болып көрінгенімен, "Мен сенің үйіңе барып тұрмаймын" деді", - деді Мадина Сәдуақасова.