Прямая трансляция

Астана

Астана

8°C

"Анаңыз айтпады ма?": Баян Алагөзова сын астында қалды

Танымал продюсер Баян Алагөзова ашық бейнесімен желідегі оқырмандарын таңғалдырды, - деп хабарлайды Paryz.kz, Massaget.kz-ке сілтеме жасап. 

"Анаңыз айтпады ма?": Баян Алагөзова сын астында қалды
Сурет: Altyn-orda.kz

"Менің анам айтпақшы: "Егер көрсететін нәрсең болса, неге көрсетпеске?", - деп анасының сөзімен жазба қалдырды продюсер.

Айта кетейік, продюсер Баян Алагөзова жақындарымен кезекті демалысқа кеткен еді. Ол бұл жолы демалу үшін Таиландтың Пхукет аралдарын таңдаған. Жағажайдан фото жүктегені сол еді оқырмандары арасында қызу талқыға түсті.

Бірі өнер иесінің бұл қылығын қолдаса, енді бірі қарсы шықты.

"Дұрыс, фигурам болса мен де осылай жүрер едім", "Анаңыз айтпады ма?", "Ұятты жерді көрсетпе", "Әдемісіз", "Керемет", "Мұндайды тек күйеуіңізге көрсетіңіз", - дейді продюсердің оқырмандары.