Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

«Бір ұрған еркек ұруын тоқтатпайды»: Индира Расылхан бұрынғы күйеуі туралы айтты

Өнерден кетіп, дінге бет бұрған Индиа Расылхан бұрынғы күйеуі туралы айтып, ер азаматтарға кеңес берді, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

«Бір ұрған еркек ұруын тоқтатпайды»: Индира Расылхан бұрынғы күйеуі туралы айтты
Фото: instagram.com/indirarasylkhan

“Өз басым ешқашан күйеуіммен айқайласып көрмегенмін. Мен оның ашуынан қорқатынмын. Ашуланған түрін елестете алмаймын. Есесіне, бәрі ішімде жататын. Айқайласып ұрысуға дейін барғым келетін. “Таяқ жесем, бір рет таяқ жермін, ішімдегіні айтамын” деп талай оқталдым. Бірақ дәтім шыдамады”, – дейді өнер иесі. 

Оның айтуынша, ол жақсылыққа апармайды. Ер адам әйелге бір рет қол көтерсе, бұл әдетінен арыла алмауы мүмкін деп ойлаған. 

“Бір айқайлассаң, бетің ашылып кетеді. Бір ұрған еркек ұруын тоқтатпайтынын білемін. Жігіттер, сіздерге де қатысы бар әңгіме. Әйелдің жанын түсіну үшін университет бітірудің қажеті жоқ. Қыз кезінде бәрі жақсы, жаман қатын қайдан шығады, бәсе?”, – деді ол ойын жалғап.

Сондай-ақ, Индира Расылхан әйеләне көңіл бөлмейтін ер азаматтарға кеңес берді.

“Әдемі қалпында келіншегіңіз етіп алған соң, сол қалпында қалуы үшін әйелге көңіл бөлу керек. “Оттамашы” деген еркектер, ақшасыз қаласыңдар. Алла әйелдің дәрежесін көтеріп қойғандықтан, әйелін құрметтеген көп ер адам байлықта өмір сүріп жатыр”, – дейді әнші.