Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

"Тұңғыш қызымын". Ерке Есмахан ата-енесі туралы айтты

Әнші Ерке Есмахан ата-енесі туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі Massaget.kz сайтына сілтеме жасап. 

"Тұңғыш қызымын". Ерке Есмахан ата-енесі туралы айтты
Фото: ашық дереккөз

"Еркенің енесі өзімен жасты ма, енді екеуі подружка бола ма?" деген пікірлер оқыдым. Иәәә, дұрыс айтасыздар, мамам жап-жас, әп-әдемі, гүл-гүл жайнап тұр, 3 ұлдың анасы. Ал мен тұңғыш қызымын. Маған келін емес, қызым дейді", - деп жазды ол.

Ерке Есмахан сонымен бірге ене мен келіннің қарым-қатынасы туралы айтты.

"Қазақ қоғамындағы дерт қой, ене мен келін бір-бірін жақсы көре алмайды. Ене мен келін өштескеннен қанша отбасы ажырасып, балалар тірі жетім қалып жатыр. Қанша тағдыр құртылды. Көп әйелдің жанды жері деп ойлаймын. Сондықтан мен үшін бір қуаныңыздар. Ал мысқылдайтындар, іші күйсе, тұз жалаңыздар деймін", - деді ол.

Әнші сонымен бірге қайын атасы туралы "Маған жетпей жүрген әкелік махаббаты сезіндіріп үлгерді" деп жазды. 

"Ал папам тіпті красавчик. Райымның бойындағы салмақтылық, имандылық, тәрбие папасынан. Жылқы шаруашылығымен айналысады. Жылқы баптайды, оларды фото-видеоға түсіреді, жылқыларын қатты жақсы көреді. Кіші ағаммен аттас, сол жағы маған қиындау боп жүр. Байқамай айтып қоя беремін. Папа маған жетпей жүрген әкелік махаббатты сезіндіріп үлгерді. Маған жай ғана Ерке демейді, "Еркежан" деп еркелетіп сөйлейді. Папатай, рақмет", - деді Ерке Есмахан.