Жақында отандық әнші Раиммен мұсылманша некесін қидырған Ерке Есмаханға бүгін сырға салынып, құдалығы өтуде. Әнші Instagram желісінде бүгінгі маңызды күнге дайындығын көрсетті, деп жазады Paryz.kz ақпарат агенттігі nur.kz сайтына сілтеме жасап.
Сонымен қатар әншінің құдалығы болған сәтті Айнара Байжан есімді әлеуметтік желі қолданушысы жариялады.
Ал кейінірек әншінің құдалығы жайлы видеоны @ShowBusinessKazakhstan Youtube парақшасы көпшілікке бөлісті.
Видеодан Ерке Есмаханның отбасы құдалыққа дайындалғанын және сырға салуға келген жаңа құдаларды көруге болады. Әнші үстіне алқызыл түсті көйлек киіп, сырға салу дәстүріне ерекше дайындалған.
Сонымен қатар күйеу жігіт Раимның да құшақ толы гүлдерімен қайын жұртының табалдырығын аттаған сәтті байқауға болады.