Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Ерке Есмахан тойының қашан болатынын айтты

Танымал әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желіде оқырмандардың сұрақтарына жауап берді. Ол үйлену тойды қашанға жоспарлағанын айтты, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Ерке Есмахан тойының қашан болатынын айтты
©instagram.com/erke_esmahan

Қаңтар айында некелескен жұлдызды жұптың өмірі көпшілікке қызық. Әншінің оқырмандары тойдың қашан болатынын сұрады.

“Бұйырса жазда. Мен той қаламап едім. Күйеуім үлкен той жасаймын деп қоймай отыр. Мен келістім”, – деп жауап берді Ерке.

Өнер иесінің тұрақты оқырмандары оның әлеуметтік желіге сирек шығатынын байқады. “Неге келіндік өміріңізді көрсетпейсіз?” деген сауалға әнші: “Әлі толықтай келін емеспін. Алда бұйыртса, сырға салу, құда түсу, құдалық, беташар бар. Сосын супер келіншек боламын”, – деп жауап қайтарды.