Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

"Бекер күйеуге шықтым...": Әнші Шахизада 56 жасында үшінші күйеуінен де алданып қалғанын айтты

Танымал әнші Шахизада 56 жасында үшінші күйеуінен де алданып қалғанын айтты, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.

"Бекер күйеуге шықтым...": Әнші Шахизада 56 жасында үшінші күйеуінен де алданып қалғанын айтты
Фото: ашық дереккөз

Ол бұл сырымен "Менің өмірім" бағдарламасында бөлісті.

Ашығын айта салайын, алданып қалдым. Бір кезеңде әйел болып, жалғыздықты сезінесің. Сол уақытта үшінші жігітке ұсталып қалдым. Стамбұлда үш ай тұрдым. Бірге тұрып көргеннен кейін, "Мынау болмайды екен" деп кетіп қалдым. Қателікті өзінен іздемейді, дейді Шаһизада,

Ол өнер адамы болғаннан кейін барған жерде әнші деп келіп, амандасып, қолынан сүйетін, биге шақыратын жігіттер болады екен.

"Сондай кезде ер-азаматыммен арамызда көп дұрыс емес сөздер айтылады.Ойы бұзылып, "Неге ол сенің қолыңнан сүйді? Ол кім?" деген сияқты сұрақтарды жиі естіп, "Бекер күйеуге шықтым ба?" деп ойлайсың. Өйткені әбден бостандыққа үйреніп қалғанмын",-дейді әнші.

Ол халықпен, көрермендермен, әріптестеріммен бірге болмасам, ауырамын. Орманда жалғыз қалып кеткен жануар сияқты боламын деп отыр.