Актриса, Кәмшат Жолдыбаеваның сіңілісі Алтынай Жолдыбаева соңғы уақытта өмірінің өзгергенін айтып, жазба жариялады, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі.
Алтынайдың айтуынша, ол соңғы жылдары жауапты шешімдер қыбылдап, өмірінде маңызды қадамдар жасаған көрінеді.
“Парақшамдағы оқырмандар былай тұрсын, жеке танитын жандардың біразы менің дінге деген құштарлығыма таңғалып жатыр. Иә, бұл – өмір және ол сондай. Мен бүгінгі күні аспаннан салбырап түскен жоқпын. Кезіндегі Алтынайды есіме алсам, ол ханымның үш ұйықтаса түсіне кірмейтін құбылыстар – оның бүгінгі таңдауы және өмірі. Қызық, иә?
Артыма бұрылып қарасам, өкінетін іс-әрекеттер аз емес. Мен ешқашан ақымақ болған емеспін, шүкір. Әке-шешем маған тәрбие бере білді. Кәмелет жасқа толғанда “что-то пошло не так”. Содан беталды батыстың мәдениетіне қатты еліктедім. Анашым қазақтың салт-дәстүрі, тәрбиесі, құндылықтары туралы көп айтатын, айтып та келеді. Кезінде оны түсінгісі келмей мұрнын шүйіретін Алтынай, міне бүгін өз ұлтының мәдениетіне шынайы ғашық”, – деп жазды актриса.