Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Мейрамбек Бесбаев: «МузАрттың» маған тигізген зияны бар»

Қазақстан эстрадасында 20 жылдан астам ғұмыры бар "МузАрттың" көпшілік біле бермейтін құпиясы көп. Аталған ұжымдағы әншілер кезінде атағы аспандап, елдің сүйіспеншілігіне бөленгенімен, топта ән салудың кемшін тұстары да бар екен.

Бұл жайында Мейрамбек Бесбаев "Жақсы адамдарым" бағдарламасында ашық айтты, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі SN.kz -ке сілтеме жасап.

Мейрамбек Бесбаев: «МузАрттың» маған тигізген зияны бар»
фото: kino-teatr.ru

Қыдырәлі мен Қарақат жүргізетін тележобаның кезекті бөлімі "МузАрт" тобына арналыпты. Дәл осы бағдарламада бүкіл сырын ақтарған Мейрамбек Бесбаев топтың жетістігіне қуанғанымен, "МузАрттың" өзіне тигізген зияны туралы да айта кеткен.

"Мына жерде бір жарым сағат отырып, бір-бірімізді мақтағаннан ештеңе шықпайды. "МузАрттың" маған бір тигізген зияны бар. Кейде жеке өзімді тойларға шақырады. Менде әндердің сөзін жаттау, есте сақтау қабілетім өте нашар. Ол неге десем, "Музартта" әннің әбден бір-ақ шумағын ғана жаттап үйреніппін. Бірінші тармағын мен айтамын, соны ғана жаттап аламын, ары қарай жігіттер алып кетеді. Топтың сондай бір зияны бар енді", — деді Мейрамбек Бесбаев.

Алғашқыда трио ретінде құрылған "МузАрт" кейін ансамбльге айналды. Бүгінде бұл топта 10 музыкант еңбек етеді. Осы орайда Сәкен Майғазиев ұжыммен жұмыс істеудің қаншалықты қиын екенін де айтты.

"Бір әке, бір шешеден туған ағайындардың өзі кейде тіл табыса алмайтын заманда әр өңірден, әртүрлі ортадан келген, әртүрлі табиғат, мінезі, болмысы бар адамдарды бір арнаға тоғыстыру өте қиын. Біздің ұжымда біреуі ашуланса, екіншісі қоя салады. Бізде жеке өмірімізге, отбасымызға, қандай да бір дүниеге байланысты кикілжің туындамапты. Бір нәрсеге келіспей қалу тек музыканың айналасында ғана болған екен. Біз соған қуанамыз", — деді Сәкен Майғазиев.