Таиланда демалып жүрген Мәдина Сәдуақасова тағы да ел аузында, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
“Қыстың қысында Таиландта өткізген ессіз күндерім” деп атадым мына суреттерді, – деп жазба қалдырды Мәдина.
Өнер иесінің жағажайда, демалып отырып ашық-шашық түскен суреттері жұртқа жақпай қалды.
“Саныңды жауып әдептен аспасаңыз дұрыс болар еді”, “Неге сіз денеңізді көрсеткенді ұнатасыз? Киініп фотоға түсуге болмады ма?”, “Кәрілік келсе де, ақыл қонбаған” деп атар едім мен”, Жарты жілігіңді жауып отырсаңшы”, – деп жазды желі қолданушылары.
Әнші Таиланда киімнің қажеті жоқ екенін айтты.
“Мына жақа купальнигің болса болды, басқа ештеңе керек емес”, – дейді Мәдина.