Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

Түнде ұйқы жоқ. Роза Әлқожа сырқаты туралы айтты

Әнші Роза Әлқожа жаңа жылдық кештерде ән айтамын деп, сырқаттанып қалғанын айтты, деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.

Түнде ұйқы жоқ. Роза Әлқожа сырқаты туралы айтты
Фото: ашық дереккөз

Екі күн дұрыс ұйықтай алмаған әнші желі қолданушыларынан кеңес сұрады.

Сырқаттанып қалдым. Енді жаңа жылдан жақсылық күтеміз.Үш күн система алып, емделген едім. Ақтауға барғанда да тамағымды жылы ұстап жүргенмін. Бірақ Ақтөбедегі сапарда қайта асқынды. Дастархан басында әзер отырдым, — дейді Роза Әлқожа.

Система алған соң, жазылғандай болған екен. Бірақ сырқаты қазір қайта күшейіп кетіпті.

Екі күннен бері түнде ұйқы жоқ. Ақтөбеден үйге орала сала қайта ем ала бастадым. Көк жөтел тоқтамай тұр. Қалай жазылуға болады? Кеңестеріңізді айтсаңыздар, — деп жазды әнші.