Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

Әншілерге фонограммамен ән айтуға тыйым салынды

Қырғызстанда 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік мекемелерде және бұқаралық іс-шараларда фонограммамен ән айтуға тыйым салынды, деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі.

Әншілерге фонограммамен ән айтуға тыйым салынды
Фото: ашық дереккөз

Тиісті бұйрыққа 2022 жылғы 30 желтоқсанда елдің Мәдениет министрі Алтынбек Мақсұтов қол қойған.

Министрліктің қарамағындағы барлық мемлекеттік мәдени және білім беру мекемелерінде (театрлар, спорт мекемелері, филармониялар, концерт залдары, кинозалдар, клубтар, мұражайлар, кітапханалар), концерттік бағдарламаларда, мәдени-бұқаралық іс-шараларда, жеке немесе жалға алынған қойылымдарға қарамастан, вокалдық қойылымдар 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап жанды дауыста орындалуы тиіс.

Министр сонымен қатар бұйрықтың орындалуына жауапкершілік әр мекеменің басшылығында екенін айтты және бұйрықтың орындалуын жеке қадағалайтынын ескертті.